Жарнама
Жарнама

Магомед Адиев: «Жанкүйерлерді мүмкіндігінше жиі қуантуға тырысамыз»

11.04.2022, 14:25
«Шахтер» бапкеріне командасының матч басындағы ойыны ұнамапты.
Жарнама
Жарнама

«Шахтердің» бас бапкері Магомед Адиев Премьер-лиганың бесінші турында «Мақтааралға» (5:1) қарсы өткен ойынға қатысты пікір білдірді:

– Біздің заңды түрде жеңіске жеттік деп ойлаймын. Ойынның басы біз ойлағандай болмады. Біз бұл кездесуді белсендірек бастағымыз келді. Қарсылас жақсы мүмкіндіктер жасай алды, ал біз өз кезегімізде алғашқы 10-15 минутта біраз қобалжыдық. Бірақ гол соғып, одан кейін ойынды сенімді түрде бақыладық. Маған екінші таймның басында концентрацияны жоғалтып алғанымыз ұнамады, сол сәтте қарсылас қауіпті шабуылдар ұйымдастырды.

Ойын бірқалыпты өтті деп ойлаймын. Дегенмен, мен матч бойы тұрақты ойнағанымызды және концентрацияны жоғалтпауымызды қаладым.

Жанкүйерлерімізге үлкен қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді. Олардың команданы сағынғаны көрініп тұр. Біз оларды мүмкіндігінше жиі қуантуға тырысамыз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров