Жарнама
Жарнама

Магомед Адиевтің "Ахматтан" кететіні рас па?

14.04.2024, 13:14

Кеше Грозныйдың "Ахмат" командасы өз алаңында "Балтикадан" 1:7 есебімен ұтылды. Ресейлік біраз БАҚ өкілдері, нақты айтсақ, "euro-football.ru" сайты "Ахматтың" жаңа бапкерін жұмысынан кетуі ықтимал деп мәлімдеген болатын.

Жарнама
Жарнама

Айта кетейік, Қазақстан Ұлттық құрама командасын да жаттықтыратын Магомед Адиев Грозныйлық клубты тығырықтан шығару үшін келген. "Ахмат" дәл қазір РПЛ-дің 24 турынан кейін 14-сатыда келеді. Команданың Ресей премьер-лигасынан ұшып кету қаупі бар. Кеше тас-талқан болып ұтылған "Балтика" РПЛ-де қалу таласындағы басты бәсекелесінің бірі саналады. Калининградтық клуб "Ахматтан" айласын асырып, Грозныйлық клубпен ұпай жағынан теңесті. Қос команда еншісінде 20 ұпайдан. Бірақ, "Балтикада" қосымша көрсеткіштер бойынша бір саты жоғары тұр. Ең қызығы, Калининградтық команда осыған дейінгі 22 турда тек 14 гол салған. Ал тікелей бәсекелесіне бірінші таймның өзінде 5 доп салып кетті. Естеріңізде болса, Магомед Адиев РПЛ-ге ауысқалы бас бапкер ретінде "Ахматты" екі кездесуге алып шыққан. Бірінші матчта Грозныйлық клуб өз алаңында "Локомотивтен" 0:2 есебімен ұтылды. Енді "Ахмат" келесі ойынын 20-сәуірде сырт алаңда "ЦСКАМЕН" өткізбек.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров