Грузиялық «Торпедо» Кутаиси 27 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Магомед Парагульговпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.
Магомед Парагульгов осы жылдың ақпан айынан маусым айына дейін «Ақжайық» сапында ойнады. Ағымдағы маусымда ол небәрі 4 кездесуге қатысты (100 минут). Магомед - Алматы футболының түлегі. Ол «Қайрат», семейлік «Спартак», «Ертіс», «Қайсар» және кипрлік «Эрмис» командаларында доп тепті.
Жалпы алғанда, ол Қазақстан Премьер-лигасында 54 матч өткізіп, 4 гол соққан, 2 нәтижелі пас берген.
Біздің серіктес: FONBET