Магуайр - АПЛ қараша айындағы үздік ойыншысы атанды

08.12.2023, 22:46


АПЛ қараша айынын қорытындысы бойынша Харри Магуайр чемпионаттың үздігі деп танылды.

30-жастағы қорғаушы “МЮ” қараша айында өткізген барлық кездесуінде төбе көрсетті. Қорғаушының сауатты ойынының нәтижесі болар, манкуниандықтар қарашада өткізген кездесулерінде бірде-бір гол жібермеді. 

Магуайр ішкі чемпионатта допқа тосқауыл болу көрсеткіші бойынша ешкімге дес бермеді. Одан тағысы, қорғаушы әуедегі допқа таласта үздіктер қатарынан екінші сатыға жайғасты.