Жарнама
Жарнама

Македониялық басылым: нашар ойын, алайда Трайковскийдің шеберлігі сәтті шешіп кетті...

10.06.2025, 15:59

Х Football Macedonia әлеуметтік желісінің танымал  аккаунты Қазақстанға қарсы ойын жайлы пікірімен бөлісті.

Қазақстан - Солтүстік Македония кездесуі
Жарнама
Жарнама

Мәлімдемеде македониялықтар өздерінің командасының жолы болып кеткенін мойындаған. Естеріңізге сала кетейік, кеше «Астана Аренада» өткен матч қонақтардың басымдығымен аяқталған болатын 0:1.  

«Қазақстан – Солтүстік Македония 0:1. Үш ұпай алдық енді Скопьеге дейінгі алыс сапарға аттанамыз. Нашар ойын, алайда Трайковскийдің сұрапыл шеберлігі бұл сәтті шешіп кетті. Ең бастысы, біз топтың көшін бастадық», - делінген порталдың жазбасында.

Айта кетейік, кешегі сәтсіздіктен кейін Әли Әлиевтің командасы өз тобындағы төртінші орынға сырғыды. Қазақстан 3 матчтың екеуінде жеңіліп, бір ойынды жеңіспен аяқтаған болатын (Лихтенштейнді 2:0 ұтып). Ұлттық құрама команда келесі кездесуін 4-қыркүйекте Уэльске қарсы өткізеді.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров