Жарнама
Жарнама

Македониялық қорғаушы “Ордабасыға” қосылды

Бүгін, 13:29

Шымкенттік "Ордабасы" "Астананың" Солтүстік Македониялық қорғаушысы Алекса Амановичті өз құрамына қосты, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Vesti.kz таратқан ақпаратқа сүйенсек, футболшы Шымкент клубымен жеке келісімшарт талаптарын толық мақұлдаған. Сонымен қатар, екі клуб трансфер мәселесі бойынша ортақ мәмілеге келді. Аманович "Астанамен” ресми түрде қоштасып үлгерді және бүгін Шымкентке келеді деп күтілуде.

Алекса — Сербиялық атақты "Партизан” (Белград) академиясының түлегі. Оның үлкен футболдағы жолы төменгі дивизиондарда басталып, кейін Сербияның жоғарғы лигасындағы "Явор" сапында 121 матч өткізіп, үлкен тәжірибе жинақтады.

Қазақстандық жанкүйерлерге ол "Тобыл" клубы арқылы жақсы таныс. 2020 жылы Қостанайға қоныс аударып, команданың қорғаныс шебінде таптырмас ойыншыға айналып, 2021 жылы Қазақстан чемпионы атанған болатын.

2021, 2022 жылдары қатарынан екі рет Қазақстан Суперкубогын басынан асырған ол, 2023 жылы елордалық "Астанаға" ауысты. Онда да жоғары деңгейде өнер көрсетіп, тағы бір мәрте Суперкубокты еншілеп, ҚПЛ-де вице чемпион атанды.

Аманович — өте әмбебап қорғаушы. Негізгі аяғы — сол жақ болғанымен, ол қорғаныстың сол қапталында да, оң қапталында да бірдей сапалы ойнай алады.

Алекса Солтүстік Македонияның жастар құрамасында (U-21) 11 ойын өткізген.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров