ӘЧ-2026 іріктеуінің 8-туры аясындағы Солтүстік Македония – Қазақстан (1:1) кездесуінен кейін алаң иелерінің жанкүйерлері қазақстандық футболшылардың өнеріне тәнті болуда.
Македониялық фанаттар құрама бас бапкері Благое Милевскийді сынға алып, қонақ команданы мақтаудың астында алды. Төменде македониялық жанкүйерлердің әлем желідегі бірнеше жазбасын келтірдік.
«Милевский бапкер, Қазақстанға қарсы өз алаңындағы матчта 5-3-2-мен?! Міндетті түрде ұту керек ойында! Не ойын, не идея, не әрекет жоқ... Барди болмаса, киім-кешегіңді жинап жатар едің! Бір кеште бүкіл іріктеудегі жиған-тергенді шаштың да тастадың, енді келіп плей-оф үшін қажеттіні есептеп жатырсың! Қазақстаннан келген жігіттерге ду қол шапалақ, олар бізден мықты болды!».
«Қонақтардың құлшынысы шамадан тыс болған әрі олар алаңда «өлді...» Соңында олар тіпті Әлем чемпионатын ұтқандай қуанды».
«Қазақстан тіпті ешқандай маңызы жоқ матчта да күресуге болатынын дәлелдеп, соңына дейін күресті».
Қазақстан осы іріктеу барысында өз алаңында Солтүстік Македониядан ұтылған болатын 0:1. Кешегі кездесуден кейін македониялық фанаттар қазақстандық футболшылардың алғашқы матчта да басым болғанын назар аударып, кеше соны дәлелдегендерін тілге тиек етті. Айта кетейік, Талғат Байсуфиновтың бапкерлігімен біздің команда соңғы екі матчта 4 ұпай еншіледі. Өткен аптада Лихтенштейнді 4:0-мен ұтып, кеше македониялықтармен тең тарқасты. Енді соңғы турда Бельгияны қабылдайды.
Біздің серіктес: FONBET