"Норвич Сити" клубының оң қапталда ойнайтын қорғаушысы Макс Ааронс клубтан кетуі мүмкін.
ESPN-нің хабарлауынша, "Манчестер Юнайтед" қаңтар айының басында 21-ге толатын ағылшын қорғаушысын сатып алу мүмкіндігін талқылады. Алайда, "қызыл сойқандар" Ааронспен келісімшартқа қол қою мәселесін жазға қалдырғысы келеді.
Бірнеше ай бұрын жаттықтырушы Оле-Гуннар Сульшер және "Манчестер Юнайтедтің" трансферлік бөлімі Чемпионшиптен сатып алуы мүмкін ойыншылардың тізімін жасады. Ааронс бұл қысқа тізімге енген болатын. "Қызыл сойқандар" қорғаушыға әлі де қызығушылық танытып отыр.
"Норвичтің" футболшы үшін сұрайтын бағасы "Манчестер Юнайтед" үшін кедергі болуы мүмкін. "Норвич" қазір Чемпионшипте көш бастап тұр және Премьер-лигаға ораламыз деп үміттенеді, сондықтан маңызды ойыншыларды қаңтарда жібергісі келмейді.
2020 жылы Ааронсқа "Тоттенхэм", "Бавария", "Барселона", "Милан" және "Рома" қызығушылық танытқан еді.
Біздің серіктес: FONBET