Жарнама
Жарнама

Макс Эбонг Беларусияға қайтып оралуы мүмкін

26 жастағы жартылай қорғаушыны “МЛ Витебск” командасы қайтарып алуды жоспарлап отыр.

Жарнама
Жарнама

Макс Эбонгтың елордалық “Астанадағы” келісім шарты осы жылдың аяғында аяқталады. Григорий Константинұлы Бабаян жаттықтыратын команда әзірге беларусты қалдыру мәселесі бойынша жан-жақты ойланып жатыр. 

Қазірде Эбонг өзі туылған Витебск шаһарына оралып, жергілікті клуб матчтарының қадірлі қонағы болып жүр. 

Айтпақшы, “МЛ Витебск” директоры Дмитрий Краснодубский осы жылдың сәуір айында команданың үздік түлектері саналатын: Карпицкий, Шуманский, Эбонг және Печенинді қайтару керектігін алға тартқан еді. Футбол маманы сол кезде Макске Қазақстанда жасалған жағдайды осында да ұйымдастырып беруге шамасы барын жеткізді.

Айта кетейік, осы маусымда "МЛ Витебск" клубы Беларусия біріншілігінде топ жаруға жақын. Клуб чемпионаттағы екі турды сәтті аяқтайтын болса, алғашқы трофейіне қол жеткізеді. Сөйтіп келесі жылы өз елі атынан Чемпиондар Лигасында бақ сынасады. Ал Макс Эбонгты қатарға қосу “Витебск” құрамын еурокубок алдында күшейтетіні анық. 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: