19 жасар Қазақстандық шабуылшы Алдияр Алтаев Беларусь жоғары лигасындағы алғашқы ойынын өткізгеннен кейін өз әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.
"Барановичи" сапына ауысқан жас ойыншы "Ислочьқа" қарсы өткен бірінші тур ойынынан (0:2) кейін Betonmobile.by басылымына сұхбат берді.
Алтаев алаңға небәрі 15 минутқа шықса да, бұл мүмкіндікті жоғары бағалайтынын жеткізді. Ол алдағы уақытта негізгі құрамнан орын алу үшін аянбай тер төгуге дайын:
"Маған сенім артқан жаттықтырушылар штабына алғыс айтамын. Небәрі 15 минут болса да, бұл мен үшін өте маңызды. Жаттығу кезінде өзімді дәлелдеп, бұдан да көп уақыт алуға тырысамын. Бірінші матч артта қалды, алда тек жеңістер мен жанкүйерлерге қуаныш сыйлау жоспарда бар." — дейді Алдияр.
Жас футболшы жаңа қала мен ұжымға үйренісуіне жергілікті жанкүйерлердің зор үлес қосқанын атап өтті. "Барановичи" жанкүйерлері тіпті жаттығу жиындарына келіп, ойыншыларға рух беретін көрінеді. Бұл жылы қабылдау Қазақстандық шабуылшының тез бейімделуіне көмектескен.
Алтаев бұл шешімді саналы түрде қабылдағанын және мансабындағы алғашқы легионерлік тәжірибенің маңыздылығын жақсы түсінеді. Ол Беларусь біріншілігіне көбірек ойын уақытын алу үшін барған.
“Кемелдіктің шегі жоқ. Жас кезде тоқтаусыз даму керек, сондықтан тек алға ұмтыламын.” — деп түйіндеді ол.
Біздің серіктес: FONBET