Қостанайлық "Тобылдың" жаңа ойыншысы Максим Мякиш мансабындағы жаңа белес, Қазақстан Суперкубогындағы жеңіс және алдағы маусымға қойған мақсаттары туралы әңгімелеп берді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Максимнің айтуынша, ұсыныс ақпан айының соңында түскен. Шешім қабылдауға небәрі бір күн кетіпті. Тәжірибелі ойыншыны Қостанай клубының деңгейі мен алдына қойған биік мақсаттары қызықтырған.
"Бұл — Қазақстандағы топ клуб. Команда өткен маусымда чемпиондыққа таласты және үнемі көшбасшылар қатарында. Мені ең бірінші кезекте Еурокубоктарда ойнау мүмкіндігі баурап алды.” — деп бастады футболшы На Мяжы телеграм арнасына берген сұхбатын.
Маусым алдындағы дайындықтың соңы "Тобыл" үшін сәтті аяқталды — команда Қазақстан Суперкубогын иеленді. Мякиш бұл жүлденің маңыздылығын ерекше атап өтті:
"Түркиядағы екі апталық жиын мен Суперкубок матчы ойыншылардың физикалық тұрғыдан өте жақсы бабында екенін көрсетті. Кейбіреулер мұны жай ғана маусым алдындағы серпін деп санауы мүмкін, бірақ мен үшін бұл — үлкен олжа. Әлемдік жұлдыздар да өз қоржынын осындай кубоктармен толтырады. Бұл жеңіс мәңгі менің тарихымда қалады.”
Биылғы Қазақстан Премьер лигасы ерекше бәсекеге толы болмақ. Максим "Ақтөбеге” қарсы алғашқы ойынға команданың сақадай сай екенін айтты. Сондай-ақ, ол Нани мен Виктор Мозес сияқты әлемдік деңгейдегі жұлдыздарға қарсы ойнаудың өзіндік қызығы бар екенін жасырмады.
26 жастағы жартылай қорғаушы легионер ретінде ойнау үлкен жауапкершілік екенін түсінеді. Оның басты мақсаты — гол соғу, нәтижелі пас беру немесе қара жұмыс атқару арқылы болсын, команданың жеңісіне барынша үлес қосу.
Қазіргі уақытта футболшы клуб базасында тұрып жатыр. Қостанайдың ауа райы әзірге салқын болғандықтан, қаланы толық аралап үлгермеген. Дегенмен, Суперкубок матчында "Қайратпен” болған ойында жергілікті жанкүйерлердің ыстық ықыласы мен қолдауын сезініп үлгергенін айтып, ризашылығын білдірді.
Беларусь құрамасы сапында әзірге 1 ойында алаңға шыққан 26 жасар Максим Мякиш “Тобылға” “Динамо Минск” клубынан ауысып келген болатын.
Біздің серіктес: FONBET