Жарнама
Жарнама

Максим Самородов - “Ахмат” командасының қазан айындағы ең үздік голдарының бірін соқты

Грозныйлық жанкүйерлер дауыс беру барасында отандасымыздың "Сочиге" соққан голын ерекше деп таныды.

Жарнама
Жарнама

27 қазан күні Станислав Черчесов командасы “Сочиді” қабылдап 2:4 есебімен жеңіліп қалды. Аталған кездесуде қазақстандық шабуылшы 2 гол соқты. 

Командадағы үздік гол номинациясында Максим: Георгий Мелкадзе, Рифат Жемалетдинов және Эгаш Касинтатурамен бақ сынасты. Атай кетейік дауыс беру барысында Самородовтың “Сочиге” соққан қос голы есепке алынды. 

Нәтижесінде Макс 47% айқын көрсеткішпен өз командаластарынан оза шапты.

 23 жастағы ел құрамасы шабуылшысының екінші голының үздік атануы бекер емес. Эгаш Касинтатураның әуелетіп берген пасын әдемі қабылдаған Макс, қос қорғаушының ортасынан тепкен добын қарсылас қақпашысының жақын тоғыздығына дәл көздеді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: