Максим Самородов “Ахмат” сапын толықтыруы мүмкін

“Инсайды от Карпа” телеграм-арнасы “Ақтөбе” ойыншысы мансабын РПЛ жалғастыруы мүмкін деп ақпарат таратты.

Ресейлік инсайдер “Ахмат” командасы бірқатар ойыншыға назар салуда дейді. Соның қатарында “Санта Фе” көшбасшысы Луна, қорғаушылар Жиров пен Адамов, Португалияда ойнайтын Исмаэл мен Кардосу және Максим Самородов екен. 

Айта кетейік, дәл осы телеграм-арна “Ақтөбе” ойыншысының “Локомотивке” ауысатыны жайында сыбыс таратқан болатын. Ендігі кезекте ақпараттың дәл-анық қанығы әзәрге белгісіз.

Еске салсақ, “Ахматты” Қазақстанның экс-бапкері Магомед Адиев жаттықтырады. 

Осы аптада грозныйлық клубтың президенті Ахмад Қадыров команда алдына маусымды топ-5 қатарында аяқтау бойынша тапсырма берген болатын.