Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Максим Самородов Ресей Премьер лигасының ағымдағы маусымындағы команданың жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Aladop.kz.
Матч ТВ арнасына берген сұхбатында ол клубтың биылғы межесі айтарлықтай жоғары екенін жеткізді.
Мақсат — үздік бестікке ену
Самородовтың айтуынша, команда үшін жеке жетістіктерден бұрын ұжымдық нәтиже бірінші орында тұр. Ол клуб басшылығы мен бапкерлер құрамы қойған талапты ашық айтты.
"Біздің алдымызда нақты мақсат бар. Соны орындаған кезде ғана мен өз жұмысыма көңілім толады деп айта аламын. Біздің міндетіміз — турнир кестесінде кем дегенде бесінші орыннан төмен түспеу.” — деді шабуылшы.
Біздің серіктес: FONBET