Жарнама
Жарнама

Максим Самородов «Ахматтың» сапында наурыз айының үздігі

03.04.2025, 21:42

Қазақстан құрамасы мен грозныйлық «Ахматтың» жартылай қорғаушысы Максим Самородов өткен ай қортындысы бойынша үздік үш ойыншының қатарына енді.

Максим Самородов «Ахматтың» сапында наурыз айының үздігі
Максим Самородов
Жарнама
Жарнама

Отандасымыздан бөлек ТОП-3 қатарында шабуылшы Лечи Садуллаев бар - 4 ойын бір ассист. Сондай-ақ, қақпашы Георгий Шелия да үздіктер қатарынан бой көрсеткен. 

Максим Самородов та наурызда грозныйлықтар сапында төрт ойында өнер көрсетіп, бір голдың авторы атанған. 

Ал жалпы осы маусымда 23-жастағы футболшы 16 ойында 3 рет мергендік танытып, 2 ассист берген. Бұдан бөлек, Қазақстан құрамасының сапында ӘЧ-2026 іріктеу аясында Лихтенштейн құрамасының қақпасына гол салып, бір ассисттің авторы атанды. М. Самородов сол матчтың үздік футболшысы атағын иеленгенін де қоса кетейік. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров