Жарнама
Жарнама

Максим Самородов енді Қазақстан үшін өнер көрсетпеуі мүмкін. Жартылай қорғаушыға не болған?

27.09.2025, 18:06

Қазақстан құрамасы мен «Ахмат» жартылай қорғаушысы Максим Самородов РПЛ-дің 10-турында «Акрон» клубына қарсы кездесуге қатысып, 65-минутқа дейін өнер көрсетті.

Максим Самородов
Жарнама
Жарнама

Қазақстандық футболшы матч барысында арқасын жарақаттап алған еді. Бас бапкері Станислав Черчесов команда көшбасшысын осы жағдайға байланысты алмастырған болуы мүмкін. Әзірге Самородовтың жағдайы жайлы ешқандай ақпарат жоқ. Матчтың өзіне келетін болсақ «Ахмат» қарсылас қақпасына жауапсыз 3 гол соқты.

Жартылай қорғаушы грозныйлық ұжым сапында жаңа маусымда он кездесуде өнер көрсетіп, 1 ассисттің авторы атанды. Бұл Максимнің РПЛ-дегі екінші маусымы. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров