Қазақстан құрамасы мен «Ахматтың» жартылай қорғаушысы Максим Самородов командасының жаңа бапкері Сергей Ташуев туралы айтты.
«Матч ТВ» арнасына берген сұхбатында футболшы ресейлік маманның бапкерлік қызметтегі басты ерекшеліктерін тілге тиек еткен.
«Бұл менің осы бапкермен өткізген үшінші күнім әлі толық танысып үлгерген жоқпын. Ташуев өте қатал бапкер, командада қатаң тәртіп орнатуда, бірақ онсыз футболда болмайды. Біздің мақсат - чемпионаттағы орнымызды сақтап қалу үшін күрес емес. Турнирлік кестеде барынша жоғары болғымыз келеді, біздің міндетіміз осы. Ал менің жеке мақсатым – Еуропада доп тебу», - деді М. Самородов.
Грозныйлық клуб сенбіде сырт алаңда мәскеулік «Динамодан» ұтылып қалды (2:4). «Ахмат» қазір 5 ұпаймен РПЛ-де соңғы орында келеді. Сергей Ташуев грозныйлық ұжымның тізгінін жуырда қызметінен кеткен Магомед Адиевтен кейін ұстаған болатын. Максим Самородовтың «Ахматқа» ауысуына септігін тигізген Магомед Мұсаұлы екені белгілі. Футболшы мен ресейлік маман Қазақстан құрамасынан жақсы таныс.
Біздің серіктес: FONBET