Жарнама
Жарнама

Максим Самородов ойнайтын "Ахмат" клубы жаңа бапкер тағайындады

17.06.2025, 10:08

Грозный қаласының «Ахмат» футбол клубы жаңа бас бапкерін таныстырды.

Жарнама
Жарнама

Бұл қызметке 43 жастағы ресейлік маман Александр Сторожук тағайындалды. Клуб пен бапкер арасындағы келісімшарт үш жылға жасалды.

Александр Сторожук 2023 жылдың қаңтарынан бері Тула қаласының «Арсенал» командасын тізгіндеген. Бұған дейін ол көптеген жылдар бойы «Краснодар» клубының жүйесінде жұмыс істеп, ал 2022 жылдың шілдесі мен 2023 жылдың қаңтары аралығында «Краснодардың» негізгі құрамын жаттықтырған.

Айта кетейік, «Ахмат» сапында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов өнер көрсетеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: