Жарнама
Жарнама

Максим Самородов өзге клубқа ауысуы мүмкін

24.06.2025, 19:03

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородовтың Ресейдің «Ахмат» клубынан кетуі мүмкін.

Жарнама
Жарнама

«Убойная_сила» Telegram-арнасының мәліметіне сәйкес, Ресей Премьер-лигасында орнын сақтап қалған грозныйлық клуб қосымша қаржыландыру тауып, трансферлік нарықта белсенді жұмыс істей бастады. Олар жақында Махачкала «Динамосының» бірнеше ойыншысын сатып алған соң, Мансильяны да қатарына қосты. Енді келесі келісім «Крылья Советовта» жақсы маусым өткізген жартылай қорғаушы Иван Олейников болуы мүмкін. Ол чемпионаттың соңында тізе жарақатын алғандықтан, басқа клубтарға ауысуы жүзеге аспаған.

Олейниковтың келуі «Ахматтан» ЦСКА-ға ауысуы мүмкін Лечи Садулаевтың орнын басуға бағытталған. Инсайдерлердің ақпаратына сүйенсек, Самородовтың да басқа клубқа ауысуы әбден ықтимал. Екі ойыншыны сату «Ахматтың» қаржылық мәселелерін шешуге көмектесуі мүмкін.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: