Танымал футбол агенті Тимур Гурцкая Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Максим Самородов туралы пікір білдірді
Маманның айтуынша, Самородов пен Лечи Садулаев биыл Ахмат клубының ойынына үлкен әсер етіп жатыр. Ол команданың қапталдағы шабуылшылары өте маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
“Ахмат үшін фланг шабуылшыларының орны ерекше. Олардың сол аймақтағы екі элиталық ойыншысы – Садулаев пен Самородов. Команданың нәтижесі cолардың ойынына тікелей байланысты,” – деді Гурцкая.
Максим Самородов осы маусымда Ахмат сапында барлығы 20 матчқа қатысып, 5 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген.
Айболат ӨНЕР
Біздің серіктес: FONBET