Жарнама
Жарнама

Максим Самородов “Спартак” сапын толықтыруы мүмкін

Мәскеулік ұжым Қазақстан құрамасы ойыншысына қызығушылық білдіруде.

Жарнама
Жарнама

“Спартак” командасы Максимді шабуыл шебін күшейтетін футболшы ретінде қарастыруда. Оның үстіне Қазақстан азаматы Ресейде легионер болып табылмайды. Трансфермаркт порталы Самородовты 2,5 млн еуроға бағалайды. Осы маусымда 23 жастағы ойыншы РПЛ 17 матч өткізіп, 2 гол мен 1 голдық пас берді.

Егерде қос тарап Самородовтың трансферіне келісе алса, онда отандасымыз “Спарткқа” жазда ауысып барады. Оған дейін ол “Ахматта” өнер көрсетуін жалғастыра бермек.

Жалпы Максим Ресей елінде 2024 жылдан бері доп теуіп келеді. Осы уақытқа дейін жас шабуылшы Грозныйдың "Ахматында" 54 матч өткізіп, гол+пас жүйесі бойынша 18 ұпай жинады.  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: