Жарнама
Жарнама

Максим Самородов «Зенитке» қарсы матчқа өтінімге енді

Бүгін, 16:36

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Максим Самородов Ресей Премьер лигасының кезекті турындағы «Зенитке» қарсы ойынға «Ахматтың» қосалқы құрам ойыншыларының тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Ал Грозныйлық клубтың тағы бір қазақстандық футболшысы Ғалымжан Кенжебек бұл кездесуге өтінімге енген жоқ.

Самородов жарақатынан кейін қалпына келу кезеңін жалғастырып жатыр. Бұған дейін «Ахматтың» бас бапкері Станислав Черчесов шабуылшының негізгі топпен бірге жаттығуға оралғанын, алайда әзірге белгілі бір шектеулермен жұмыс істеп жүргенін айтқан болатын.

Осылайша, Максим Самородов «Зенитке» қарсы матчта алаңға шығуы мүмкін. Дегенмен оның ойынға қатысу-қатыспауы бапкерлер штабының шешіміне байланысты. Ал Ғалымжан Кенжебек бұл кездесуде командасына көмектесе алмайды.

Қазақстандық жанкүйерлер үшін Самородовтың ойынға қайта оралуы маңызды. Шабуылшы жарақатынан толық айығып, бабына келсе, «Ахматтың» алдағы матчтардағы шабуыл шебін күшейтуіне мүмкіндік алады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров