Жарнама
Жарнама

Максим Самородов: жақын арада ойыным жақсара түсеріне сенімдімін

22.09.2024, 16:46

Қазақстан құрамасы мен грозныйлық «Ахматтың» жартылай қорғаушысы Максим Самородов жарақаты мен жеке мақсаттары жайлы айтты.

Максим Самородов
Жарнама
Жарнама

«Жарақатыма байланысты дөп басып айта алмаймын. Бірақ қазіргіден де жақсы өнер көрсете алатынымды сеземін. Ары қарай жұмыс істеу керек. Жақын арада ойыным  жақсара түсеріне сенімдімін. Крылья Советовпен» де бізді қиын кездесу күтіп тұр. Чемпионатта оңай ойын жоқ. Өзімнің нәтижелілігімді де ойда ұстаймын, әрине. Бірақ дәл қазір мен үшін команданың мақсаттары бірінші кезекте. Егер клуб жеңіп жатса, жеке жетістіктерді де назарға алуға болады. Себебі, кез-келген шабуылшының пас беріп, өзі де гол салғысы келетіні анық. Алайда, дәл қазір маған маңыздысы - біздің команданың нәтижелері», - деді М. Самородов. 

Айта кетейік, Ресей Кубогі аясында болған «Пари НН» - «Ахмат» кездесуінде Максим Самородов өзінің ресейлік клуб сапындағы алғашқы добын соқты. Кездесудің өзі грозныйлық клубтың жеңісімен аяқталды (1:2). Естеріңізде болса, Максим Самородов «Ахматқа»«Ақтөбеден» ауысып барды. Трансфер құны бір миллион еуроны құраған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров