Жарнама
Жарнама

Максим Самородовқа ресейлік үш топ-клуб таласуда

19.03.2025, 09:45

Қазақстан құрамасы мен грозныйлық «Ахматтың» жартылай қорғаушысы Максим Самородов осы жазда РПЛ-дің топ-клубының біріне ауысуы ықтимал. Футболшыға мәскеулік екі клуб пен «Краснодар» командасы қызығушылық танытуда. Бұл туралы Серый Кардинал телеграмм-арнасы мәлімдеген еді.

Максим Самородовқа ресейлік үш топ-клуб таласуда
Максим Самородов
Жарнама
Жарнама

«Максим Самородов жазда РПЛ-дің көшбасшы клубтарының біріні ауысуы мүмкін. Біздің ақпарат көздеріміз бұл қатарда үш команданың атын айтады – мәскеулік «Спартак» пен «Динамо» мен «Краснодар». Қалай дегенде де бұл бағыттағы жұмыс қарқынды жүруде және «Ахмат» жартылай қорғаушысын жаңағы аталған команданың біріне сатпақшы. Қандай да бір нақты ақпарат болғанда қосымша хабарландырамыз», - делінген телеграмм-арнасының жазбасында. 
Максим Самородов РПЛ2024/25 маусымындағы 15 матчта 3 гол салып, 2 ассист берген. Сондай-ақ, қазақстандық футболшы Ресей Кубогінің 5 ойынында 2 рет мергендік танытты. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров