Максим Самородовтың позиция бойынша бәсекелесі басқа командаға ауысты

24 жастағы “Ахматтың” шабуылшысы Гамид Агаларов “Динамо” Махачкала ұжымымен келісімге келді. 

Орталық шабуылшы позициясында өнер көрсететін футболшы грозныйлық командада 2022 жылдың жазынан бері доп теуіп келеді. Содан бері Агаларов “Ахмат” үшін өткізген 56 ресми кездесуінде 9 гол соқты. Ол өз мансабында “Уфа”, “Анжи” және “Волгарь” клубтарында тәжірибе жинақтаған.

“Ахматқа” ауыспай тұрып Гамид “Уфа” қатарында 19 голымен Премьер-лиганың сұрмергені атанды. Және біріншіліктің үздік жас ойыншысы атағына лайық деп танылды. 

Еске салайық, грозныйлықтар жейдесінде Қазақстан құрамасының ойыншысы Максим Самородов өнер көрсетеді. “Ақтөбенің” экс-аяқдопшысы жаңа командасында 2 кездесу өткізіп үлгерді. 

Материалда: