Сербия Еуро-2017-ге іріктеу барысында екі ойын өткізеді.
"Астананың" жартылайқорғаушысы Неманья Максимович Сербия жастар құрамасына шақырту алды. Балқан түбегіні өкілдері 13-ші қараша күні өз алаңында Италияны қабылдаса, 17-ші қараша күні қонақта Словениямен кездеседі.
Айта кетейік, 20 жасар Максимович Сербия жастар құрамасының вице-капитаны. Сондай ақ, Неманья шілде айында 20 жасқа дейінгі футболшылар арасында әлем чемпионы атанған еді.