Англия Премьер лигасының 14-туры аясындағы “Манчестер Юнайтед” пен “Лидс” арасындағы кездесудің бар-жоғы 3-минутында Скотт Мактоминай дубль жасап, Англия чемпионатында алғашқы 3 минут ішінде қос гол соққан алғашқы ойыншы атанды.
Матч 6:2 есебемін “қызыл сойқандардың” пайдасына шешілді. Мактоминайдан бөлек Бруно Фернандеш те дубль жасады.
Сонымен қатар “Манчестер Юнайтед” Сэр Алекс Фергюсон кеткелі бері чемпионатта алғашқы рет қарсылас қақпасына алты гол соқты. Одан бөлек САФ дәуірінен кейін алғашқы мәрте 14 қақпаға дәл соққы бағыттады.
Сульшер шәкірттері 13 ойыннан кейін 26 ұпай еншілеп, үшінші орында келеді.
Біздің серіктес: FONBET