Атақты футболшы Садио Маненің бауыры кезінде ҚПЛ бірнеше клубында өнер көрсеткен болатын.
Сенегалда өз академиясы бар Малик Маненің алдағы уақытта Қазақстанда кәсіп бастайтын ойы бар. Қазақ футболынан азды-кем болсын хабары бар экс-шабуылшы мүмкіндік болса, жергілікті балаларды футбол спортына дайындауға әзір екен.
Бір қызығы, Маликке оның жұлдызды інісі бастамаларында ешқандай көмек бермепті. Экс-футболшы өз еңбегімен академия жұмысын осы уақытқа дейін өзі жүргізіпті.
Еске салайық, Малик кезінде ҚПЛ “Ақтөбе” (2011), “Тараз” (2016, 2017), “Ақжайық” (2018) және “Атырау” (2019) ұжымдарында өнер көрсеткен.
Біздің серіктес: FONBET