Жарнама
Жарнама

«Мальоркада» қаралымда жүрген қазақстандық футболшы: жаңа деңгейге шыға аламын...

14.03.2025, 16:35

Қазақстандық жартылай қорғаушы Еламан Оспанғалидың испанияның «Мальорка» командасында қаралымда жүргенін жазған болатынбыз.

«Мальоркада» қаралымда жүрген қазақстандық футболшы: жаңа деңгейге шыға аламын...
Еламан Оспағали
Жарнама
Жарнама

Отандасымыз шетелдік клубтағы алғашқы әсерімен бөлісіп, мақсаттарын айтты. 

«Өзімді тамаша сезініп жүрмін. Маған осындағы қала, оның тұрғындары мен менталитеті қатты ұнады. Клубтың екінші командасымен бірге Мальоркада, аралда жаттығудамын. Әсерімнің барлығы керемет. Басында әрине оңай болған жоқ - тіл мен басқа деңгейдегі футболға бейімделу тұрғысынан. Ал қазір шамам жетеді деген ойдамын. Жаңа деңгейге шыға аламын», - деді Е. Оспанғали. 

Айта кетейік, 19-жастағы футболшы Испанияның төртінші лигасында бақ сынайтын «Мальорканың» екінші командасымен бірге жаттығу өткізуде.  

Еламан Оспанғали Өскемен футбол мектебінің түлегі. Үржар қаласының тумасы «Алтай» жейдесінде былтыр күзге дейін Қазақстанның Бірінші және Екінші лигаларында өнер көрсеткен. Ал 2024-жылдың қыркүйегінен қостанайдың «Тобылының» жастар командасының намысын қорғады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров