Жарнама
Жарнама

«Малый дегендер шынын айту керек берерін беріп болған». Мамандар Қазақстан құрамасының қорғаушыларын сынға алды

07.09.2025, 15:11

Танымал маман Болат Есмағамбетов Қазақстан құрамасының өнерін бағалап, іріктеу аясындағы мүмкіндігі жайлы айтты. 

Қазақстан құрамасының жаттығуы
Жарнама
Жарнама

«Екі ойынның арасы екі-үш күн болған соң, міндетті түрде ротация болуы керек. Уэльспен ойын біраз ой салды. Анығы - Чесноков старттың футболшысы. Одан кейін қорғанысқа жаңа ойыншылар керек. Малый дегендер шынын айту керек берерін беріп болды ғой. Құрама үшін қаншама ойын өткізді. Жылдам шабуылшыға қарсы Сергейге өте қиын болады. Жалпы айтқанда, Уэльстен кейін бізде тіпті математикалық та мүмкіндік жоқ. Ендігісі Лихтенштейнді өз алаңымызда ұтсақ, қазіргі орнымызда қалатын шығармыз. Жігіттерді қорықпай ойнауға шақырамын. Қалған кездесулерде өз-өздерін көрсетіп қалуы керек. Рухпен, намыспен ойнаса», - деді Б. Есмағамбетов «Аладоп.кз» сайтына. 

Қазақстан өткенде Уэльстен 0:1 болып ұтылды. Енді бүгін Бельгияға қарсы тұрады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров