Финляндиялық бапкер 62 жасар Маркку Канерва Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалуы мүмкін деген сыбыстарға қатысты ресми түрде пікір білдіріп, бұл ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Yle Urheilu басылымына берген қысқаша сұхбатында Фин бапкері бұл жаңалықтан мүлдем хабарсыз екенін жеткізді.
"Менімен ешкім байланысқа шыққан жоқ. Бұл ақпараттың қайдан пайда болғанын да білмеймін.” — деп мәлімдеді Канерва.
Соңғы уақытта маманның Финляндия құрамасымен көрсеткен нәтижелері сәтсіз болғанын айта кету керек.
Ұлттар лигасының 2024/25 жылғы маусымында оның қол астындағы Финдер топтық кезеңдегі барлық 6 кездесуде де жеңіліс тапты.
Бұл сәтсіз серияда команда небәрі 2 гол соғып, өз қақпасына 13 доп өткізіп алған (2:13).
Дегенмен, Канерваның Фин футболы тарихындағы орны өте ерекше. Оның бапкерлік мансабындағы ең басты ерлігі — 2019 жылы Финляндия құрамасын өз тарихында тұңғыш рет Еуропа чемпионатына алып шығуы болды.
Осылайша, Ұлттық құраманың тізгінін кім ұстайтыны белгісіз күйде қалып отыр.
Біздің серіктес: FONBET