Әзербайжан Премьер лигасының көшбасшысы — "Сабах" клубының бас бапкері Вальдас Дамбраускас 21-тур аясындағы "Кяпазға" қарсы кездесуді (1:0) қорытындылады, деп хабарлайды Aladop.kz.
Маман бұл ойында да қақпасын голдан аман сақтап қалған Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатиловтың және жалпы команданың жұмысына көңілі толатынын жеткізді.
Дамбраускастың айтуынша, команда ойын соңына дейін шиеленісте болғанымен, көрсетілген нәтижеге риза.
"Өте жақсы ойын болды. Жеңіс голын кездесудің соңында ғана соқсақ та, команданың көрсеткен өнеріне көңілім толады. Біз алдыңғы шепте қарсыласқа үнемі қысым көрсетіп, көптеген қауіпті сәттер жасадық.” — деді бапкер.
Бас бапкер Қазақстандық легионер Стас Покатилов қорғаған қақпаның гол өткізбегенін ерекше атап өтті.
"Бұдан да көп гол соғуымыз мүмкін еді, бірақ қарсыластың да бұл ойынға жоспары жақсы болды.” — деп қосты ол Azerisport.com сайтына берген сұхбатында.
Айта кетсек, Покатилов кезекті рет капитандық таңғышпен алаңға шықты. Командасы 52 ұпаймен турнир кестесінде көшбастап тұр.
Біздің серіктес: FONBET