Жарнама
Жарнама

"Манчестер" "ақсүйектерден" ұтыла ма?

06.04.2011, 23:27
Жарнама
Жарнама
Болжам-бұрыш жанкүйерлер мен бәс тігуші ағайынға өз пікірін білдірмек.  Сырт алаңда "Челсимен" ойнайтын "Манчестер" сапында Рио Фердинанд алаңға шықпайды.  Соңғы 5 жылда 4-рет 1/2 финалға шығуды көздейтін "МЮ" үшін Рионы алмастыратын қорғаушылар жетерлік. Жалпы "қызылдардың" сапында тәжірибелі ойыншылар жетерлік. Былайша айтқанда ойыншыларды алмастыру мәселесінде бұлар ешқандай кемшілік көрейін деп тұрған жоқ. Нани мен Валенсия қос қапталдан қыспаққа алып, Руни мен Эрнандеске гол соғатын жақсы мүмкіендіктер жасап берулері ықтимал. Қосалқы құрамда Димитар Бербатовтың отырғанын да ескере кету керек. Ал "Челси" өз алаңында соңғы 9 жыл көлемінде "МЮге" ұтылып көрмеген екен. Ойыншылардан Давид Луис алаңға шықпайды. Жарақат алған қорғаушы ақсүйектердің негізгі құрамынан орын алып жүрген ойыншы еді. Карло Анчелотти бапкер ретінде "Манчестерге" қарсы 3 рет кездескен екен. Бірақ енді осы ойында оның жігіттері азулы сойқандарға шамасы жетер ме екен? Футбол.кз сайтының болжамы бойынша тең нәтиже тіркелуі ықтимал. Есеп 1-1. Бүгін түнде ойналатын екінші кездесу ол "Барселона" - "Шахтер". Анық басымдылыққа ие болып отырған каталондықтар кеншілерді тұқырта алатыны белгілі. Бірақ мәселе есептің қанша болатынында. Дегенмен де, "Шахтерді" аса қатты осал деп айтуға да келмейтін шығар. кезінде бұл жігіттер бір-бірімен ойнаған болатын. Жіне Донбаста откен кездесуде ойын тең аяқталған болатын. Десе де біздің болжам - "Барсаның" жеңісі 3-1.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров