Ағылшын Премьер лигасының төртінші турынан кейін Өзбекстандық жас жұлдыз, “Манчестер Сити” қорғаушысы Абдукодир Хусанов өзінің тамаша ойынымен әлем футболын тағы да таңғалдырды. 21 жастағы қорғаушы беделді аналитикалық портал WhoScored жасаған турдың символикалық құрамына енді.
Хусановтың бұл жетістігі Манчестер дербиіндегі керемет ойынының нәтижесі. “Манчестер Юнайтедке” қарсы өткен матчта ол толық 90 минут алаңда ойнап, сенімді әрекеттерімен қорғауды тас қылып бекітіп, командасының жеңіске жетуіне үлкен үлес қосты. Сарапшылар оның ойынын жоғары бағалап, дербидегі баға көрсеткіші сегіз балға жуық болды.
“Манчестер Сити” сол ойында қарсыласына ешқандай мүмкіндік бермей, 3:0 есебімен тізе бүктірген еді.
Біздің серіктес: FONBET