“Манчестер Юнайтед” аяқдопшысы ойын нөмірін ауыстырды

Шабуылшы Расмус Хойлунд алдағы уақытта “Манчестер Юнайтед” командасы сапында 9 нөмірде өнер көрсетеді. 

Дат бұған дейін манкуниандықтардың 11 нөмірдегі жейдесінде алаңға шығып жүрген болатын. 

21 жастағы Хойлунд “Манчестер” сапына 2023 жылдың жазында “Аталантадан” 74 млн еуроға ауысып келді. Осы маусымда шабуылшы “қызыл сойқандар” үшін барлық турнирлерде 43 ойын өткізіп, 16 год соқты. Расмустың ағылшындық клубтағы келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін жарамды. Футболшының Transfermarkt порталындағы бағасы - 65 млн еуроны құрайды. 

Премьер-лиганың өткен маусымын Хойлунд “Юнайтедпен” бірге 8 орында аяқтады.