Жарнама
Жарнама

“Манчестер Юнайтед” Аморимнің болашағына байланысты шешім қабылдады

Клуб бас бапкерге 3 матчқа дейін мүмкіндік беріп отыр.

Жарнама
Жарнама

Рубен Аморимның “Юнайтедтегі” тағдыры команданың “Челси”, “Брентфорд” және “Сандерленд” кездесулерінің нәтижесінен кейін анық болады. Манчестер басшылығы португалдық маманға әлі де үлкен сенім артуда.

40 жастағы маман манкуниандықтар ұжымына 2024 жылдың қараша айында келіп қосылды. Содан бері “МЮ” Аморим тізгінінде 47 ойын өткізіп, соның 18 жеңіп, 9 тең ойнап, қалған 20 жеңілді. Ішкі чемпионатта “қызыл сойқандар” 4 ұпай жинап, турнир кестесінде 14 орында келеді.

Егерде Рубен алдағы кездесулерде басшылық күткен нәтижені тіркей алмаса, онда оның орнына Оливер Гласнер, Маурисио Почеттино, Гарет Саутгейт және Андони Ираоланың біреуі келуі мүмкін. Аталған бапкерлер қазірде қосымша нұсқа ретінде қарастырылуда. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: