Жарнама
Жарнама

“Манчестер Юнайтед” Антониді “Реал Бетиске” сатуға келісім берді

01.09.2025, 14:00

Ағылшындық “Манчестер Юнайтед” Бразилиялық шабуылшы Антониді “Реал Бетиске” сату жөнінде келісімге келді. Трансфер құны 25 миллион еуроны құрайды, сонымен қатар Ағылшын клубы ойыншының болашақтағы қайта сатылымынан 50% пайда алатын болады.

Жарнама
Жарнама

Бұған дейін Антони 2024/25 маусымының екінші жартысын “Бетисте” жалға ойнап өткізіп, өзін жақсы қырынан көрсетті. Ол 26 матчта 9 гол соғып, 5 нәтижелі пас берді. Бразилиялық футболшы Мануэль Пеллегринидің командасына үлкен үлес қосып, клубты Конференция лигасының финалына дейін жеткізді. Дегенмен шешуші ойында “Челсиден” 1:4 есебімен жеңіліп қалды.

Антони “Манчестер Юнайтедке” 2022 жылы Эрик тен Хагтың шақыруымен 95 миллион еуроға ауысқан еді. Алайда ол соңғы жылдары негізгі құрамдағы орнын жоғалтып, Англияда өз әлеуетін толық аша алмады.

“Бетис” жаз бойы ойыншыны қайта қатарға қосуға күш салып, ақыры келісімге қол жеткізді. Келісімшартта қосымша 3 миллион еуро бонус қарастырылған.

Айта кетейік, Антонидің “Юнайтедпен” келісімі әлі екі жылға созылған болатын. Дегенмен ол Испанияға қайта оралуды жөн көрді, тіпті жалақысының төмендеуіне де келісім берді.

Осылайша, 24 жастағы Антони алдағы маусымнан бастап қайтадан Ла Лигада жасыл-ақ түсті жейдемен өнер көрсететін болады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров