Жарнама
Жарнама

“Манчестер Юнайтед” аңызының өміріндегі ауыр сынақ оның мансабын аяқтауға мәжбүрледі

30.10.2025, 17:45

Ағылшын футболының және "Манчестер Юнайтедтің" аты аңызға айналған жартылай қорғаушысы Пол Скоулз өз өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірін қабылдады. 

Жарнама
Жарнама

Ол "телевидение" саласындағы қызметін тоқтатып, бар уақытын ұлына арнамақ.

Скоулздың 20 жастағы ұлы Эйден ауыр формадағы аутизммен өмір сүреді. Дәрігерлер оған бала кезінде-ақ сөйлемейтін (вербалды емес) аутизм диагнозын қойған. Эйден сөйлей алмайды, сондықтан өз сезімдерін әрекет арқылы білдіреді — кейде өзін де, өзгені де тістеп, тырнап жібереді. Бұрын Полдың бетінде жиі байқалатын тырнақ іздері мен жарақаттар осындай жағдайлардың салдары екені кейін белгілі болған.

Мұндай дертпен өмір сүру ата-анадан да, баладан да үлкен шыдам мен қамқорлықты талап етеді. Эйденді дәрігерге апару да оңай емес — мысалы, тіс дәрігеріне барғанда, оны жай отырғызып, ауызын ашқызу мүмкін болмайды. Сол себепті медициналық тексерістер арнайы тәсілмен, ұйықтататын газ арқылы жүргізіледі.

Бес жыл бұрын, 27 жыл отасқан жұбайы одан ажырасып кеткен. Дегенмен, ерлі-зайыптылар ұлдарының қамы үшін бірігіп әрекет етуді жалғастырып келеді, әрқайсысы Эйденмен үш түннен күтім жасайды. Бұл ұлдарына үйреншікті тәртіп пен тұрақты күн тәртібін сақтауға мүмкіндік береді. Мысалы, сейсенбі сайын Пол ұлын бассейнге апарып, кейін екеуі пицца жейді — бұл олардың дәстүріне айналған.

Алайда соңғы жылдары Эйден есейіп, салмақ қосқандықтан күтім қиындай түсті. Сондықтан Скоулз осы маусымда бірде-бір матчқа сарапшы ретінде шықпаған. Ол бар назарын тек отбасына аударуға шешім қабылдаған.

"Менің ендігі бар өмірім — ұлымның жанында болу, оған қажеттінің бәрін беру.” — дейді ол.

Бүгінде Пол Скоулз әлеуметтік желідегі парақшасына ұлымен бірге түскен суретін аватар етіп қойған. Бұл сурет — оның футболдан тыс өмірінде нағыз батыр екенін дәлелдейтін көрініс.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров