Ағылшын футболының аңызы, “Манчестер Юнайтедтің” бұрынғы жұлдызы Пол Скоулз қазіргі заманның ең дарынды жартылай қорғаушылары туралы пікір білдірді.
Скоулздің жеке рейтингінде бірінші орынды “Барселонаның” жас жұлдызы Педри иеленді. Англиялық аңыз оны “заманауи футболдағы ең ақылды әрі ойлау қабілеті жоғары жартылай қорғаушы” деп сипаттады.
“Педриді тамашалау – нағыз ләззат. Жасына қарамастан, ол тез шешім қабылдап, ойынды керемет түсінеді. Қазір менің сүйікті ойыншым – сол.” – деді Скоулз.
Екінші орынға “Манчестер Ситидің” капитаны, “Алтын доп” иегері Родри жайғасты. Скоулз оны “қазіргі футболдағы жартылай қорғаушының эталоны” деп атап, “ол – команданың жүрегі, ойынды басқаратын нағыз дирижёр” екенін ерекше айтты.
Сонымен қатар, ол “Париж Сен-Жерменнің” Португалиялық Витиньясын, “Ливерпульдің” Аргентиналық ойыншысы Алексис Мак Аллистерді, және “Барселонаның” Нидерландтық жұлдызы Френки де Йонгты ерекше атап өтті. Скоулздің пікірінше, бұл ойыншылардың барлығы қысым кезінде де нақты шешім қабылдай білуімен және команданың ырғағын ұстай алу қабілетімен ерекшеленеді.
Аңыз ойыншының айтуынша, қазіргі футболда орталық жартылай қорғаушы болу – тек физикалық күш емес, сонымен бірге интеллектуалды ойлау, жағдайды тез талдау және ойын ырғағын сезіну қабілетін талап етеді.
Біздің серіктес: FONBET