"Манчестер юнайтед" бундеслиганың үздігін алмақшы

24.02.2024, 13:19

"МЮ" "Байердің" жартылай қорғаушысы Эсекиель Паласиосқа қызығушылық танытып отыр. 

25 жастағы жартылай қорғаушыға сондай-ақ ағылшын премьер-лигасының тағы бірнеше клубы қызығушылық білдіріп жатқанға ұқсайды. Олардың қатарында "Астон Вилла" мен "Ньюкасл Юнайтед" бар. Аргентиналық футболшы осы маусымда 22 кездесуге қатысып, 5 гол соғып, 9 голдық пас шығарған. Нарықтағы трансферлік құны 40 млн еуроны құрайды.