Ағылшындық "Манчестер Юнайтед" клубы Дат шабуылшы Расмус Хейлундты сатуға дайын екенін BBC басылымы хабарлады.
Ақпарат көзінің мәліметінше, клуб ойыншыны 30 миллион фунт стерлинг көлемінде сомаға сатуға әзір. Хейлундты сату жоспары клубтың шабуыл шебіне жаңа футболшы, атап айтқанда Беньямин Шешконы тарту мақсатында жүзеге асуы мүмкін.
Естеріңізде болса, "Манчестер Юнайтед" Расмус Хейлундты 2023 жылы Италияның "Аталанта” клубынан 74 миллион еуро + 10 миллион еуро бонуспен сатып алған болатын. Ол кезде 20 жастағы шабуылшыны клубтың болашағы ретінде қарастырған еді.
Алайда, Хейлундтың алғашқы маусымы күткендегідей нәтиже бермей, Ағылшын Премьер лигасында өткізген 32 матчта бар болғаны 4 гол соқты. Бұл көрсеткіш клуб басшылығы мен жанкүйерлер арасында күмән тудырып, шабуыл шебін күшейту туралы шешім қабылдауға себеп болды.
Хейлундты сатудан түскен қаражат клубтың "РБ Лейпциг” сапында өнер көрсететін Словениялық жас шабуылшы Беньямин Шешконы алуға жұмсалуы мүмкін. Шешко Еуропа футболында болашағынан үміт күттіретін ойыншылардың бірі саналады және оның шабуылдағы өнері Хейлундқа қарағанда әлдеқайда жоғары деп бағалануда.
Біздің серіктес: FONBET