Жарнама
Жарнама

“Манчестер Юнайтед” жаңадан қақпашы сатып алды

01.09.2025, 17:30

Трансфер терезесінің соңғы күнінде “Манчестер Юнайтед” Бельгиялық “Антверпеннің” қақпашысы Сенне Ламменсті сатып алуға келісті. 

Жарнама
Жарнама

Рубен Аморим жетекшілік ететін “Қызыл сойқандар” жазғы маусымда бірнеше қақпашымен байланыс орнатқан болатын. Тіпті “Астон Вилланың” жұлдызы Эмилиано Мартинес те қарастырылған нұсқалардың қатарында еді. Дегенмен, “Юнайтед” ақыры 23 жастағы Ламменс үшін 21 миллион еуро (+бонус) төлеуге келісіп отыр.

Қақпашы қазірдің өзінде Манчестерге ұшып келіп, “Олд Траффордпен” 5 жылдық келісімшартқа қол қоюға дайын.

Бұл трансфердің Андре Онана мен Алтай Байындырының болашағына қалай әсер ететіні әзірге белгісіз. Байындыр жаңа маусымдағы алғашқы үш Премьер лига ойынында негізгі құрамда шығып, кей тұста сенімсіз қимылдарымен көзге түсті. Түрік қақпашысы отанына қайта оралуы мүмкін деген қауесет бар.

Ал Онана болса, өткен жылы “Интерден” 51 миллион еуроға келіп, биылғы маусымда үлкен сынға ілікті. Әсіресе, өткен аптада Лига кубогында төртінші дивизиондағы “Гримсбиге” қарсы ойында сәтсіз өнер көрсетіп, жанкүйерлер ашуын тудырған еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров