Жарнама
Жарнама

"Манчестер Юнайтед" жанкүйерлері Джим Рэтклиффке қарсы маусымның ашылу күнінде наразылық акциясын өткізуді жоспарлап отыр

05.08.2025, 21:15

"Манчестер Юнайтед" жанкүйерлер тобы алғаш рет сэр Джим Рэтклиффке және дәстүрлі түрде Глейзерлер отбасына қарсы наразылық акциясын жариялады. Акция 17 тамызда, Премьер-лиганың бірінші турында «Арсеналға» қарсы матч алдында, «Олд Траффорд» стадионында өтеді.

 

 

The 1958
Жарнама
Жарнама

The 1958 тобы бұған дейін бірнеше жыл қатарынан клуб иелерін ауыстыруды талап етіп, наразылық шараларын ұйымдастырып келген.

Джим Рэтклифф қазір «МЮ» акцияларының 28,94% иеленеді және 2024 жылдың ақпанынан бастап Глейзерлерден клубтың күнделікті басқаруын өз қолына алған. Бұл кезеңде клубта көптеген әрі кейде танымал емес өзгерістер болған.

The 1958 тобының мәлімдемесінен:

«Жаңа маусым – бірақ иелікке қатысты сол баяғы ескі мәселелер. Глейзерлердің 20 жылдық билігі мен қарыздары – бұл тым көп. Жетер.

Біз алаңдағы кейбір жақсы жаңалықтар мен жаңа ойыншылар жанкүйерлердің назарын клубтағы басты мәселеден — иелік дағдарысынан — басқа жаққа аудармауы керек деп санаймыз.

Джим Рэтклифф Глейзерлермен ‘бір төсекке жатуды’ таңдады және олардың клубтағы билігін сақтап қалуға көмектесіп отыр деп ойлаймыз.

Сондықтан 17 тамызда біз тек Глейзерлерге емес, енді Рэтклиффке де қарсы наразылық білдіреміз — ол кезінде үміттің символы болған, ал қазір клубты құлдыратуға себепкер болып отыр.

Бұл тек меншік мәселесі емес. Бұл – біздің болмысымызды, қауымдастығымызды және құндылықтарымызды сақтап қалу мәселесі».

The 1958 тобының айтуынша, бұл наразылық – "үнін шығаруға мүмкіндік берілмеген, стадионнан қуылған, еленбей қалған әрбір жанкүйердің" атынан жасалып отыр. Олар бұл акцияны "футболдың болашағы үшін" дейді.

The 1958 тобының Рэтклиффке үндеуі:

«Джим Рэтклифф, сен өз жағыңды таңдадың – ол біздің жағымыз емес. Енді сен Глейзерлермен бір қатарда тұрсың. Маска сыпырылды. Сен құтқарушы емессің. Сен – жамылған [қызыл] шайтансың».

Рэтклифф не дейді?

2025 жылдың наурызында Рэтклифф The Times басылымына берген сұхбатында, егер жанкүйерлерден Глейзерлерге бағытталған деңгейде қатігез қарсылыққа тап болса, «Юнайтедтен» кетуге мәжбүр болатынын айтқан.

«Бұл жағымсыз болуы мүмкін. Мен біраз уақытқа дейін бұған шыдай аламын.
Көпшілікке ұнамау – мен үшін үлкен мәселе емес, өйткені қазіргі клуб жағдайы ешкімге ұнамайды.
Бірақ егер жағдай шектен шығып, зорлық-зомбылыққа ұласса, мен: ‘Жігіттер, жетер. Бұл істі басқа біреуге тапсырайық’, – деуім мүмкін».

Клубтың қазіргі жағдайы мүлдем мәз емес. Себебі: соңғы 10 жыл ішінде ең сәтсіз әрі ең нашар маусымын өткізді:

  • Өткен маусымда «Манчестер Юнайтед» Премьер-лигада 15-орын иеленді — бұл 1974 жылдан бергі ең нашар нәтиже.

  • Олар Еурокубоктарға жолдама ала алмады, Еуропа лигасының финалында «Тоттенхэм Хотспурдан» жеңілді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: