Жарнама
Жарнама

«Манчестер Юнайтедтен» кеткен футболшы қуаныштан көз жасына ерік берді

02.09.2025, 21:56

Бразилиялық вингер Антони көптен күткен «Реал Бетиске» қайта оралып, ресми таныстырылымы кезінде көз жасын ұстай алмады. Ол бұл клубта бұрын жалға ойнаған еді.

Жарнама
Жарнама

«Севилья Манчестерден әдемі. Ақыры осындамын! Мен қонақүйде 40 күннен астам уақыт тұрдым. Өте ауыр кезең болды. Бірақ бәрі менің «Бетиске» қайта оралғым келгенін жақсы білетін. Оңай болған жоқ. Бірақ қазір осындамын және клубтың формасын қайта кию сәтін асыға күтемін. Мұны мүмкін еткен жандардың бәріне шексіз алғыс айтамын. Махаббат мен үшін өте маңызды. Оны ақшаға сатып ала алмайсың. Мұнда мені жақсы көреді әрі бағалайды. Сондықтан соңына дейін күттім. Өзім жақсы көретін қала мен клубта жүргеніме бақыттымын. Тек менің отбасым ғана «МЮ»-дегі жағдайым қаншалықты қиын болғанымды біледі», – деді футболшы.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: