Жарнама
Жарнама

“Манчестер Юнайтедтің” экс-ойыншысы ҚПЛ клубы тарапынан ұсыныс алды

Қостанайлық “Тобыл” серб вингері Зоран Тошичті қайтарып алғысы келеді. 

Жарнама
Жарнама

“Сары-жасылдар” жартылай қорғанысының қапталын күшейтуді мақсат етіп отыр. Ал Зоран Тошичтің кандидатурасы бапкер Нұрбол Жұмасқалиевтің көңілінен шығады. 

Тошичтің өзі болса, қостанайлықтармен келісімгартқа отыруға асықпайды. Оған “Тобылдың” жасаған ұсыныс ұнап отырған жоқ. Соған қарамастан “сары-жасылдар” тәжірибелі ойыншымен қайта байланыс орнатып көреді.

Еске салсақ, Зоран “Тобыл” сапында 2021 жылы өнер көрсеткен болатын. Алғашқы маусымында-ақ жартылай қорғаушы өз командасымен ел чемпионы атанды. 

Тошич өз мансабында “Партизане”, “Манчестер Юнайтед”, “Кельн”, ЦСКА, “Тайчжоу”, “Банат” және “Пролетарии” командасының намысын қорғады. Соңғы рет ол грекиялық “Ламия” сапында өнер көрсетті. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: