"Партизанның" шабуылшысы Филипп Стеванович алдағы қысқы трансферлік терезеде "Манчестер Ситиге" ауысады, деп хабарлады сербиялық клубтың баспасөз қызметі.
Бұған дейін ағылшын клубы 18 жастағы сербиялық футболшының трансфері үшін бонустарды қосқанда 8 миллион еуро төлейтіні хабарланған болатын. Естеріңізге сала кетейік, өткен жазда Стеванович "Манчестер Юнайтедке" ауысуы мүмкін еді.
Стеванович - "Партизанның" тәрбиеленушісі. Форвард 2018 жылдан бастап клубтың негізгі командасының мүшесі. Осы маусымда ол Сербия чемпионатының 11 матчына қатысып, 3 гол соқты.
"Манчестер Сити" 6 кездесуде 11 ұпай жинады және Англия Премьер-лигасының турнирлік кестесінде 8-орында тұр. Жарыс көшбасшысы - 7 кездесуде 16 ұпай жинаған «Ливерпуль».
Біздің серіктес: FONBET