Жарнама
Жарнама

"Манчестер Сити" 2 маусым еуро бәсекелерге қатыспайды

15.02.2020, 06:57
Жарнама
Жарнама

Бүгін УЕФА «Манчестер Сити» клубын екі жылға еуро бәсекелерден шеттетті. Енді ағылшын ұжымы 2020-2021 мен 2021-2022 жылғы маусымда не Чемпиондар не Еуропа лигасына да қатыса алмайды. Сонымен қоса, клуб 30 миллион айыппұл төлеуі тиіс.

«Манчестер Сити» фэйр-плей ережесін бұзды

УЕФА бұл шешімді 2012-2016 жылдары демеушілерден түскен табысты шығындарын жасыру үшін көбейтіп жазған. Ал ұйымға лицензия алу үшін өткізген есебінде әшкере болып қалған.  

УЕФА — «Манчестер Ситиді» еуробәсекелерден шеттеткісі келеді. Неге?

-«22 қаңтарда өткен тыңдаудан кейін УЕФА «Ман Ситиді» еуро додалардан түпкілікті 2 жылға шеттеткенін мәлімдейді. Клуб қаржылық Fair Play ережесін, лицензия алу ережесін бұзып, демеушілерден түскен ақшаны көбейтіп жазған. Осылайша, есеп кезінде ұйымжы алдамақ болды»,-делінген хабарламада.

Енді Англия чемпиондары бұл шешімге наразылық білдіріп, Спорттық арбитражды сотта (CAS) өздерін ақтап шыға алады. Сол кезде екі жылғы жаза алынып тасталады.  

Айта кетейік, Гвардиола шәкірттері Чемпиондар лигасының 1/8 кезеңінде «Реал Мадридпен» ойнайды.

Естеріңізге сала кетейік, "Ман Ситидің" қаржылық қулығы туралы өткен жылдан бері айтылып келеді.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров