Жарнама
Жарнама

«Манчестер Сити» Англия чемпионы атанды

23.05.2022, 07:17
«Қалалықтар» камбэк жасап, соңғы бес жылдағы төртінші титулына қол жеткізді.
Жарнама
Жарнама

Ағылшын Премьер-лигасының 38-турында «Манчестер Сити» «Астон Вилланы» қабылдады. Кездесу Манчестердегі «Этихад» стадионында өтіп, 3:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

37-минутта «Астон Вилланың» жартылай қорғаушысы Мэтти Кэш, ал 69-минутта Филиппе Коутиньо гол соқты.

76-минутта «Ман Сити» ойыншысы Илкай Гюндоган Рахим Стерлингтің пасынан кейін есеп айырмасын қысқартты, екі минуттан кейін Родриго Эрнандес таразы басын теңестірді. Ал 81-минутта Илкай Гюндоган дубль жасап, командасының чемпион атануына көмектесті.

38 кездесуде 93 ұпай жинаған «Манчестер Сити» екінші орында тұрған «Ливерпульден» бір ұпайға озып, Англия чемпионатында топ жарды.

Айта кетейік, «Ман Сити» соңғы бес жылда төртінші рет ел чемпионы атанды. 2019/2020 жылғы маусымда титулды «Ливерпуль» жеңіп алған еді.

Биыл үздік төрттікке «Манчестер Сити» мен «Ливерпульден» бөлек, лондондық «Челси» мен «Тоттенхэм Хотспур» да кірді. Бұл төрт клуб келесі маусымда Чемпиондар лигасында өнер көрсетеді. Еуропа лигасына «Арсенал» мен «Манчестер Юнайтед» қатысады, ал «Вест Хэм Юнайтед» Конференция лигасына жолдама алды. «Бернли», «Уотфорд» және «Норвич Сити» Премьер-лигадан ұшып кетті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров