Жарнама
Жарнама

"Манчестер Сити" – "Арсенал"

18.01.2015, 07:11
Жарнама
Жарнама
Осы жексенбінің көркін қыздыратын Еуропа футболының орталық кездесуі Манчестерде өтпекші. Жергілікті "Манчестер Сити" өз алаңында Лондонның "Арсеналын" қабылдайды. Дүйім жұрттың назарын өзіне аударған матчтың статистикасына көз салсақ. Бұл кездесу екі команда арасындағы  165-ойын болмақ. Осыған дейінгі 164 кездесуде "Манчестер Сити"  41 ойында басым түссе, "Арсенал" 83 рет жеңіске жеткен болса, 40 ойын тең нәтижемен аяқталған. Осы 164 кездесуде 459 гол соғылған, бұл шамамен бір ойынға 2,7 голдан. "Манчестер Сити" "Арсеналдан" басым түскен ең  ірі есебі  4-0 болса,  "Арсенал" "Манчестер Ситиден"  5-0 есебімен басым түскен. Екі команда арасындағы ең голдарға бай матч 1956 жылы тіркелген, «Зеңбірекшілер» өз алаңында «Қалалықтарды» 7-3 есебімен ойсырата ұтқан.  Айта кетейік осының есесін «Қалалықтар» 2013 жылы 14-желтоқсанда қайтарған болатын. Ол кезде есеп "Манчестер Ситидің" пайдасына 6-3 болған.   Ертеңгі ойын қарсаңында "Манчестер Сити" тарапынан еш сұхбат берілмеген.       Бұл матчқа байланысты тек "Арсенал" бапкері мен ойыншылары ғана пікір білдірген.  Монреаль: «Манчестер Сити шабуылшыларға, таңдаулы шабуылшыларға бай болғанымен, біз де алаң да білгенімізден жаңылмаймыз» - деді берген сұхбатында. Арсен Венгер: «Ағылшын Премьер Лигасында екі мықты ойыншы осы матчта кездеседі. Олар: Алексис пен Агуэро» - деді Mirror-ға берген сұхбатында. "Манчестер Сити" тарапынан ешкім сұхбат бермегеніне қарағанда, соңғы сөздерін алаңда айтқысы келгендей. Айта кету керек, "Манчестер Сити" 21 ойыннан кейін 47 ұпаймен екінші орынға тұрақтаса, "Арсенал" 21 ойында 36 ұпаймен 6 орында келеді.
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров