Жарнама
Жарнама

«Манчестер Сити» бірнеше ойыншымен қош айтысады

07.08.2021, 00:42
Бұл жайлы Хосеп Гвардиоланың өзі мәлімдеді.
Жарнама
Жарнама

"Манчестер Ситидің" бас бапкері Хосеп Гвардиола жазғы трансферлік терезеде бірнеше ойыншының клубтан кеткісі келетінін айтты.

"Бернарду Силва және тағы екі-үш ойыншы кеткісі келеді. Ойыншылар командадан кеткісі келсе және тиімді ұсыныстар түссе, біз келіссөз жүргізуге дайынбыз. Бірақ бәрі өздеріне байланысты", - деп келтіреді журналист Фабрицио Романо Гвардиоланың сөздерін.

Бір күн бұрын, 5 тамызда, "Манчестер Сити" Англия құрамасының ойыншысы Джек Грилишті сатып алды. Бұл Англия Премьер-лигасы үшін рекордты трансфер ретінде тіркелді, "қала тұрғындар" жаңадан келген ойыншы үшін 117 миллион еуро төледі. 25 жастағы ойыншы жаңа командада 10-шы нөмірмен ойнайтын болады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров